М.В.ЛОМОНОСОВ АТЫНДАҒЫ МӘСКЕУ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ФИЛИАЛЫ

Жаңалықтар
22.02.2018

Филиалда Бақыт Қайырбековтің шығармашылығына арналған семинар болып өтті

2018 жылғы 22 ақпанда М.В. Ломоносов атындағы ММУ Қазақстан филиалында «Дәуір және тұлға: Бейне этимологиясы мен Бақыт Қайырбековтің сөз шығармашылығының қуаты» атты семинар болып өтті.

«Бейне этимологиясы мен Бақыт Қайырбековтің сөз шығармашылығының қуаты» атты семинар «Дәуір және тұлға» шектеулі симпозиумының аясында болып өтті. Сонымен бірге белгілі қазақ ақыны, сценарист, кинорежиссер, Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі, Қазақстан кинематографистер одағының мүшесі, Махамбет Өтемісов атындағы премияның лауреаты, ҚР еңбегі сіңген қайраткері Бақыт Қайырбековтің туған күніне арналған болатын.

Семинардың модераторы – филология ғылымдарының докторы, М.В. Ломоносов атындағы ММУ Қазақстан филиалының профессоры Галина Ивановна Власова болды. Семинарға «Филология» бағытында оқитын 1 және 2 курс студенттері қатысты. Іс-шараның басында Бақыт Қайырбековтің тыңдарманадарын әуезділігімен, метафоралық ерекше қолданысымен және ой қуатымен баурап алған бейне-өлеңдері оқылды.

Қошемет сөзбен доцент Т.Г. Котлярова сөйлеп, Бақыт Қайырбековтің Қазақстанның мәдени мұрасын қалыптастыруға қосқан үлесі туралы ерекше атап өтті.


[толығырақ...]


© М.В.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің Қазақстандағы филиалы. Барлық құқық қорғалған.